17 қыркүйек 2014 20:38

Донбастағы соғыстың бір күні 6,2 миллион доллар – Яценюк

ПОДЕЛИТЬСЯ

Донбастағы соғыстың бір күні 80 миллион гривен (6,2 миллион доллар) тұрады. Бұл туралы Кабмин мәжілісінде Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюк мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет үйінен. 


Донбастағы соғыстың бір күні 80 миллион гривен (6,2 миллион доллар) тұрады. Бұл туралы Кабмин мәжілісінде Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюк мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет үйінен. 

"Біз үшін бұл соғыс өте қымбатқа түсуде. Соғыстың әр күні 80 миллион гривен тұрады", - деді Яценюк. Оның айтуынша бұл тек әскери әрекеттерге шығатын шығын. 

"Мен Үкіметтің Донбастағы соғысты басқа ауданның бюджетінен қаржыландырғанын қаламас едім. Шындығын айтсақ, дәрігерлердің, мұғалімдердің, зейнеткерлердің қаржысын ресейлік террористердің тонауына жол бермеуіміз керек. Мұнда нақты формула керек, Тек Украина ғана емес Ресей Федерациясы да қаржы шығарып, бірлесіп бәрін қалпына келтіргеніміз жөн, сонда ғана әділетті болады", - деді Яценюк Донбастағы соғыс туралы айта келіп. 

Естеріңізге сала кетейік, Украина парламентінде Луганск және Донецк облыстарына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы қаралды. Бұл облыстарға Донбастағы соғыс залалын тигізген болатын. Енді осы аймақтарды қалпына келтіру керек. Сондықтан Луганск және Донецк облыстарының жекелеген аудандарында, осы аудандарға қарасты ауылдар мен елдімекендерде  3 жылға жергілікті өзін-өзі басқарудың ережелері енгізілуде. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети