13 шілде 2014 11:41

Эдуард Шеварднадзе жексенбі күні жерленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

7 шілде күні өмірден өткен Грузияның бұрынғы президенті Эдуард Шеварднадзе 13 шілде күні Крцанисская үкімет үйінде, өзінің жұбайының қасында жерленеді, деп хабарлайды РИА Новости.


7 шілде күні өмірден өткен Грузияның бұрынғы президенті Эдуард Шеварднадзе 13 шілде күні Крцанисская үкімет үйінде, өзінің жұбайының қасында жерленеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвилидің тапсырмасы бойынша елде арнайы жерлеу мәселесін толығымен өз мойындарына алған мемлекеттік комиссия құрылған. Жерлеу рәсімін толығымен билік өкілдері қолдарына алған. Мәйітті шіркеуден үкімет үйіне жеткізу үшін бұл күні Тбилисидің орталық көшелері жабылады. Сондай-ақ жерлеу рәсімінде көптеген саясаткерлер сөз сөйлеп, "Шератон" қонақ үйінде қаралы жиын өтеді деп жоспарлануда. 

Еске салайық, Грузияның бұрынғы президенті Эдуард Шеварднадзе ұзақ ауырғандығы салдарының 87 жасында өмірден өтті. Эдуарда Шеварднадзенің жақын достары мен туыстары оған Германияға барып, мықты клиникаларында барып емделуде айтқан. Бірақ, елдің бұрынғы басшысы мұндайды ұсыныстарға, Германияны қатты сыйлағанымен, ол өзінің отанында қалу керекпін деп бас тартып отырған. Ол 1995-2003 жылдары Грузия президенті болды. Оған дейін Грузин КСР Қоғамдық тәртіпті қорғау министрі (1965-1968), Грузин КСР Ішкі істер министрі (1968-1972), Грузия КП Орталық комитетінің бірінші хатшысы (1972-1985), КСРО Сыртқы істер министрі (1985-1990), КСРО Сыртқы байланыстар министрі (1991 жылдың 18 қарашасынан 8 желтоқсанына дейін) қызметтерін атқарды. Шеварднадзе Социалистік Еңбек Ері, ішкі қызмет генерал-майоры.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети