21 ақпан 2016 | 16:32

Эдуард Сноуден АҚШ-қа оралу үшін қандай шарт қоятынын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Қазір Ресейде тұрып жатқан америкалық арнайы қызметтің бұрынғы қызметкері Эдуард Сноуден АҚШ-қа оралуға қатысты шарт қойды, - деп хабарлады WMUR9 телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Қазір Ресейде тұрып жатқан америкалық арнайы қызметтің бұрынғы қызметкері Эдуард Сноуден АҚШ-қа оралуға қатысты шарт қойды, - деп хабарлады WMUR9 телеарнасы.

Ол Skype арқылы нью-гемпширлық Liberty Forum-мен байланысқа шығып, билік оған әділ сот істерімен қамтамасыз етсе, экстрадициялауға келісетінін хабарлады.

"Мен үкіметке егер билік қоғам мүддесін қорғауым үшін әділ сотқа кепілдік берсе, оралатынымды айттым… және қазылар алқасы шешім қабылдай алады", - деп келтірді Сноуденнің сөзін телеарна. - АҚШ Ресейде болғаным үшін мені мінейді, алайда кетуіме мүмкіндік бермейді".

Еске сала кетейік, Эдуард Сноуден 2013 жылы маусымда Washington Post және Guardian басылымдарына АҚШ пен Ұлыбританияның арнайы қызметтерінің Интернеттегі ізге түсу бағдарламаларына қатысты бірқатар құпия материалды ұсынды. Осыдан кейін ол Гонконгқа, ол жақтан Мәскеуге ұшып кетті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети