19 мамыр 2016 19:52

EgyptAir ұшағының бөліктері Грекиядағы Карпатос аралынан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

EgyptAir ұшағының қирандысы Грекиядағы Карпатос аралынан табылды, - деп хабарлайды РИА Новости


EgyptAir ұшағының қирандысы Грекиядағы Карпатос аралынан табылды, - деп хабарлайды РИА Новости

Сонымен қатар, ұшақты іздестіріп жатқан Грекия билігінің әуе кемесінің жоғалып кеткен жерінен оңтүстік-шығысқа қарай 50 мильде теңіздің үстінен екі нысанды байқағаны хабарланып отыр. 

Еске салайық, ұшақ радардан Каир уақыты бойынша сағат 02.45-те жоғалып кеткен болатын. Ұшақ ол кезде Мысырдан 80 миль жерде болған. Ол радардан Грекияның аумағына кіргеннен кейін 20 минуттан соң жоғалып кетті. Ақпарат құралдарының мәліметінше, ұшақ Жерорта теңізіне құлған. Airbus A320 бортында 56 жолаушы және экипаждың 10 мүшесі болған.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Франция президенті Франсуа Олланд пен Мысыр президенті Абдель Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети