01 тамыз 2019 10:16

Экологтар Сібірдегі орман өртінің салдары ауыр болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сібірдегі орман өртін сөндірудің қажеті жоқ. Краснояр өлкесінің губернаторы Александр Усстың бұл мәлімдемесі экологтардың ызасын келтірді, деп хабарлайды "Хабар 24".


Сібірдегі орман өртін сөндірудің қажеті жоқ. Краснояр өлкесінің губернаторы Александр Усстың бұл мәлімдемесі экологтардың ызасын келтірді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Оған жауап ретінде қоршаған ортаны қорғаушылар арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Олардың айтуынша, өрт ошағын дер кезінде анықтап, тиісті шара қолданғанда орасан шығын әкелген табиғи апаттың алдын алуға болар еді. Енді өрттің салдары ауыр болатынын айтып, экологтар дабыл қағуда.

"3,5 миллион гектар аумағындағы биотіршілік жойылды. Бұл нені білдіреді? Сол орманды мекендейтін аң-құс қырылып қалды. Жөке ағаштары, балқарағай сынды флора мен фаунаны жоғалттық. Мұндай экологиялық шығынның мөлшері өртті сөндіруге кететін ақшадан асып түседі. Тіпті, отты зәмзәм сумен өшірген күннің өзінде, осыншалық шығынның алдын алуға болар еді", - деді Жалпыресейлік табиғат институтының директоры Андрей Пешков. 

Естеріңізге салсақ, алапат өрт Красноярдан бөлек, Иркутск және Бурятияның бір бөлігін шарпыған. Бүгінде орманды алқаптың 3 жарым миллион гектары күлге айналды. Ал, оның түтіні Томск, Новосібір, Кемер, Алтай, Хакасия мен Қазақстанның кей аймағына тарап үлгерген. Өңірдегі денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, адамдардың тыныс алуы қиындап, дәрігерге жиі қаралуда. Статистикалық көрсеткішке сәйкес, емханаға қаралу жиілігі 15 пайызға артқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети