19 сәуір 2016 11:03

Эквадорлық құтқарушылар үйінділер арасында 40 сағат бойы жатқан ер адамды құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эквадордың Портовьехо қаласында құтқарушылар ғимараттың қираған үйінділерінің астында 40 сағат бойы жатқан ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды РИА Новости. Операция дүйсенбі күні кешке эквадорлық және колумбиялық құтқарушылардың күшімен жүргізілген.

El Comercio порталының мәліметінше, құтқарылған ер адам қонақүйде администратор болып жұмыс істеген. Жер сілкінісі кезінде ол бірінші қабатта болыпты. Тоғыз қабатты ғимарат толықтай қирап қалғанымен, Пабло Кордобе аман қалып, тіпті туыстарына өзінің қай жерде екенін айтып қоңырау шалған.

Бірнеше сағат бойы жұмыс істеген құтқарушылар ер адамды тауып, оны үйінділер арасынан аман алып шықты. Зілзала кезінде ғимаратта тағы бес адам қалып қойған. Олардың үшеуінің денесі табылды, қалған екі адамның тағдыры әзірше белгісіз.

Айта кетейік, Эквадорда 16 сәуірде магнитудасы 7,8-ге тең жер сілкінісі тіркелген еді. Зілзала салдарынан мейрамханалар, қонақүйлер мен тұрғын үйлер қирады. Соңғы мәліметке сүйенсек, жер сілкінісінің салдарынан 413 адам қаза тапқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети