04 қазан 2014 14:53

ЕҚЫҰ Украинадағы бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған әскери қылмысты зерттеуі тиіс - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина дағдарысы бойынша Женевада өтіп жатқан ЕҚЫҰ Парламенті конференциясында баяндама жасап, ЕҚЫҰ-ның Украинадағы бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған әскери қылмысты зерттеумен шұғылдануы тиістігін айтты деп хабарлайды Қазақстан Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қылмысқа қатыстылар, сонымен қатар бейбіт азаматтарды қинап, қорлаған, қарсы оқ атқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс. Баяндамашының пікірінше, бұл ЕҚЫҰ алдында тұрған қарастыруды күттірмейтін міндет және ол барлық қиыншылықтарға қарамастан орындалуы керек.

Украина дағдарысы бойынша сөз талқыда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұстанатын ұстанымын айқындап берді. Сенат өкілі "Украинадағы оқиға барша украин халқының қайғысы ғана емес, сонымен қатар ол жаңа суық соғыстың туындауын білдіретін ғаламдық қауіпсіздікке төнген қатер " деп мәлімдеді.

Тоқаев Украинадағы барлық әскери іс-қимылдар келіссөздерге жол беруі тиістігін, ең алдымен, ол ЕҚЫҰ-ның септесуімен Украина және Ресей көшбасшылары арасында өтуі керектігін айтты. Сенат басшысы ЕҚЫҰ-ны тек Ресей емес, оған қарсы санкцияны енгізген мемлекеттердің де мүддесі зардап шегуі ықтимал санкция текетіресін тыю үшін болысуға шақырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети