Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Елизавета II Шотландияның бөлініп кету мүмкіндігіне алаңдайды

07 Қыркүйек 2014, 16:50
0

"Ұлыбритания Ханшайымы Елизавета II алдағы Шотландиядағы референдумда  бұл елдің Құрама патшалығынан енші алып кетуін қолдайтындар басым түсе ме алаңдайды. Сол себепті де, жағдайды жіті бақылап отыр" деп жазады РИА Новости британдық БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қыркүйекте Шотландия халқының көпшілігі елдің тәуелсіздік алғанына дауыс берген болатын.

Демек, 2016 жылдың 24 наурызынан бастап  бұл ел Құрама патшалықтан бөлініп шығуға құқылы. Ал Ұлыбритания билігі "мұндай шешім екі жаққа та еш тиімді емес" деп санайды.

БАҚ-тар жазып жатқандай, патша отбасының көмекшілері, министрлер мен парламентарии "Ханшайым – Патшалықтың біртұтастығын сақтап қалуды қалайды. Егер алдағы референдум нәтижесі бойынша Шотландия дегеніне жетсе, бұл жағдай Ханшайым отбасына ауыр соққы болып тимек" деп мәлімдепті.

Жоғарғы эшелондағы ақпарат көздері басылымға "Шотландияның бөлініп шығуын жақтаушылардың жеңісі бұл монархияны "танылмаған өлкеге" әкеп соқтырады деп мәлімдепті. "Ханшайым – ұйып отырған монархияны таратқысы жоқ. Әрине, біреулер басу айтады. Алайда алаңдауға да негіз жоқ емес" депті патшалық отбасынан біреу. 

YouGov мен Sunday Times жүргізген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, Шотландияның тәуелсіздігіне дауыс бергендер 51 пайызды құраса, қарсы тарап респонденттері 49 пайыз.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай