Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ердоған халыққа үндеу жасағанда неліктен FaceTime қосымшасын қолданғанын айтып берді

19 Шілде 2016, 12:12
0

Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған 16 шілдеде елдегі тәртіпсіздікті тоқату үшін жекеменшік ақпарат құралдары арқылы байланысқа шықты. Ұлттық телеарналарда сол уақытта эфирге шығу мүмкіндігі болмағандықтан ол FaceTime мобильді қосымшасы арқылы халыққа үндеу жасады, - деп хабарлайды RT.

"Ұлттық телекомпаниялар (дәл сол уақытта - RT )" эфирге шыға алмады... Сондықтан біз смартфондарды және бірнеше жекеменшік телеарна арқылы эфирге шықтық", - деді Ердоған. Сонымен қатар, ол төңкеріс кезінде отбасымен бірге Мармаристе болғанын айтып өтті.

Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріліс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарнарал хабар таратуын тоқтатты. Анкарада Facebook және Twitter әлеуметтік желілері құлыпталды.

Кейіннен Ердоған FaceTime арқылы халыққа үндеу жасап, адамдар көшеге шыққан еді. Түрік Президенті әскери төңкерілісті ұйымдастырғандарды қатаң жазалауға уәде берген болатын. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай