Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ердоған Путинге: Сіз негізінде басқыншысыз

08 Ақпан 2016, 09:53
1

Түркия президенті Реджеп Ердоған Hurriyet басылымына берген сұхбатында ресейлік әріптесі Владимир Путинді өткір сынап, оны Сирияға басқыншылық жасады деп айыптады. Бұл туралы РБК жазды.

Ердоған Сириядағы соңғы жағдайларды айта келіп, сириялық үкіметтің ресейлік күштердің көмегімен Алеппода орналасқан бүлікшілерді жойғанын айтып, Путинге "Сіз Сирияда не істеп жүрсіз? Сіз негізінде басқыншысыз", - деді.

Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын Түркия Ресейді өз әуе кеңістігін тағы да бұзды деп айыптаған болатын. Осыдан кейін Ердоған Путиннен шұғыл түрде кездесуді сұрады. Ресей президентінің баспасөз хатшысы екі ел басшылары арасында жақын арада ешқандай кездесудің болмайтынын жауап ретінде мәлімдеді.

Hurriyet басылымына берген сұхбатында Ердоған америкалықтардың сириялық күрдтермен байланысын да талқыға салды. Ол Обаманың жеке өкілінің күрдтерді бақылау мақсатында Кобани қаласына келуіне наразылық білдірді. "Біз сіздерге қалай сенеміз? - деді Түркия президенті америкалықтарға. - Сіздердің серіктестеріңіз кім? Мен бе, Кобанидегі лаңкестер ме?".

Тілшілердің оқиға басқаша жалғасса ары қарай жоспар қалай болады деген сұрағына Ердоған ұлттық қауіпсіздік күштерінің "мүмкін болатын барлық сценарийге дайын" екенін жеткізді.

Сонымен қатар, "Известия" басылымының мәліметінше, Ресей Түркиямен 1921 жылдан бергі достық әрі бауырластық туралы келісімді бұзуға үндеу дайындап жатқанын хабарлады. Ұсынысты Владимир Путинге және сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа коммунист-депутаттар Валерий Рашкин мен Сергей Обухов жолдаған.

Басылымның мәліметінше, бұл бастаманы КПРФ партиясы ғана емес, "Справедливая Россия" да қолдап отыр.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай