01 желтоқсан 2015 16:40

Ердоған Ресеймен қарым-қатынас туралы: "Шиеленіс деңгейін төмендеткіміз келеді"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Реджеп Тайып Ердоған Реджеп Тайып Ердоған

Ресейлік Су-24 ұшағымен болған оқиғадан кейін Ресеймен арадағы қарым-қатынасты дипломатиялық жолмен реттеу қажет, деп мәлімдеді Түркия президенті Ердоған сейсенбі күні Парижде өткен АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуінде, - деп хабарлайды РИА Новости

"Біз құрметті Обамамен Ресеймен болып жатқан жағдайды талқыладық. Түркия болған жағдайды дипломатиялық жолмен шешуді қолдайды", - деді Ердоған. "Біз шиеленіс деңгейін төмендеткіміз келеді (Ресеймен арадағы қарым-қатынастағы - ред.)", - деді ол.

Еске сала кетейік, Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы Сирия-Түркия шекарасында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіру оқиғасынан кейін бұзыла бастады. Оқиға 24 қарашада болды. БАҚ мәліметінше, ұшақ түріктің F-16 жойғышының "әуе-әуе" түріндегі зымыраны арқылы атып түсірілген және Сирияда, Түркияның шекарасына 4 шақырым жерге құлаған. Ұшқыштардың бірі тірі қалды. РФ Әуе күштері Бас штабы шабуылға ұшыраған Су-24 бомбалаушысының Түркияның әуе кеңістігін бұзбағанын мәлімдеді және бұл мәліметтің сириялық әуе қорғанысының мәліметтерімен расталатынын алға тартты. Ал Түркия ұшақтың шекараны бұзғанын айтып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети