Түркияда президент және парламент сайлауының алғашқы қорытындылары шыққан соң Ыстамбұл көшелерінде Реджеп Тайып Ердоғанның және ол басқаратын партияның жеңісі тойлана бастады, - деп жазады "Анадолу".
Түркияда президент және парламент сайлауының алғашқы қорытындылары шыққан соң Ыстамбұл көшелерінде Реджеп Тайып Ердоғанның және ол басқаратын партияның жеңісі тойлана бастады, - деп жазады "Анадолу".
Басылымның мәліметінше, Ердоған президенттік сайлуауда 52,7 пайыз дауыс жинады.
Түркия лидерін құттықтауға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Катар әмірі Тамим әл-Тани, Судан президенті Омар әл-Башир, Палестина президенті Махмуд Аббас, Албания премьері Эди Рама мен Венгрия премьері Виктор Орбан, Боснияның президиум төрағасы Бакир Изетбегович, Грекияның сыртқы істер министрі Никос Котзиас пен Венесуэла президенті Тарек әл-Айссами келген.
Сондай-ақ, Ердоғанның партиясын қолдайтындар президенттің үй орналасқан Қысықлы ауданында жиналған.
Еске сала кетейік, кеше, 24 маусымда Түркияда президент және парламент сайлауы өткен болатын. Сайлауға Реджеп Тайып Ердоған, Мухаррем Индже, Селахаттин Демирташ, Мераль Акшенер, Темель Карамоллаоғлы мен Дога Перинчект қатысқан болатын. Президенттік және парламенттік сайлаулар бір уақытта өтті.