22 ақпан 2014 11:01

"Еуромайдан" Януковичтен таңертеңге дейін отставкаға кетуді талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Евромайдан". РИА Новости "Евромайдан". РИА Новости

"Еуромайдан" Януковичтен таңертеңге дейін отставкаға кетуді талап етті, деп хабарлайды, Tengrinews.kz "Украинская правда" газетіне сілтеме жасай отырып. "Еуромайдан" қатысушыларының бірі сахнаға шығып, "Удар" фракциясының мүшесі Виталий Кличконың сөзін бөлді. Ол егер Янукович 22 ақпанда таңғы 10.00-ге дейін отставкаға кетпесе, халық қарулы қақтығысқа шығады деп қорқытты. "Біз саясаткерлерге мүмкіндік бердік. Олар министр, президент болсын дедік, алайда болар бір ғана шартты орындай алмай отыр, зэк аулақ кетсін!"– деді ол. "Достар, мен көп сөйлемей-ақ қояйын, Онсыз да бізді екі жарым ай болды бос сөзбен алдап келеді. Мен бұлар айтып отырған елдегі саяси дағдарыс дегенге сенбеймін. 77 адам бақилық болып кетті, ал бұлар болса, келісімдер жүргізуде", деп ашынды сөйлеуші. Оның сөзін "Еуромайдан" да қолдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети