21 наурыз 2014 11:56

Еуроодақ Молдавия және Грузиямен ассоциациялық келісімге қол қоюға ниетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуроодақ Молдавия және Грузиямен ассоциациялық келісімге қол қоюға ниетті, деп хабарлайды Газета.Ru. Болжам бойынша бұл маусым айында болады. Бұл туралы Украинаға байланысты Брюсселде өткен Еуроодақ саммитінің қорытынды ұсынысында айтылды. "Еуроодақ Молдавия және Грузиямен саяси ассоциациялық және экономикалық интеграциялық қарым-қатынасты нығайтуды мақсат етіп анықтады. Еркін сауда келісімі бойынша бұл 2014 жылдың маусымында болады", - делінген хабарламада. Сонымен қатар Брюсселдегі Еуроодақ саммиті аясында Ресей азаматтарынан құралған "қара тізімге" енгендер санын 21-ден 33 адамға дейін көтеріп, 3 маусым күні Сочиде өтетін Ресей - ЕО саммитінен бас тартылды. Ал, қара тізімге енген адамдарға Еуропа аймағына кіру тиым салынып, Еуропа банктеріндегі есеп-шоттары жабылды. Бұл тізімге енген адамдардың есімі ЕО-тың ресми Журналында жарияланатын болады. Одан бөлек, Еуроодақ Еурокомиссияға Қырымға қарсы сауда-саттық және саяси шараларды ойластыруды тапсырды, - дейді ЕО төрағасы Жозе Мануэл Баррозу.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети