Еуропа қуаты аса күшті шаңсорғыштан бас тартты

01 Қыркүйек 2014, 18:10
0
Еуропа қуаты аса күшті шаңсорғыштан бас тартты - Фото narod-sovet.ru сайтынан алынды
Фото narod-sovet.ru сайтынан алынды

Еуроодақта қуаттылығы 1600 ваттан жоғары шаңсорғыштарды пайдалануға тыйым салынды, деп хабарлайды Lenta.ru The Telegraph сілтеме жасап. Еуропалық комиссия осыған байланысты арнайы шешім қабылдады. Басты мақсат - электр жарығын пайдалануды кеміту. Еурошенеуніктер шаңсорғыштарда өндіру оның қуаттылығына байланысты емес деп отыр.

Алайда тұтынушылар бұл шешіммен келіспейтіндіктерін білдіріп, керісінше қуаттылығы жоғары шаңсорғыштарды сатып алуды жиілеткен.  Мәселен, Tesco сауда желісі соңғы екі аптада сатылған шаңсорғыштар саны 44 пайызға жоғарылағанын мәлімдеген. Сұранысқа ие шаңсорғыштар қатарына 2300-ватты Hoover Breeze BR2306 модельі мен 2200-ватты Hoover SM2018 Pets кіріп отыр. Шаңсорғыштардың бұл модельдері өте қысқа мерзім ішінде сатылып кеткен.

ЕО қуаттылығы жоғары шаңсорғыштарды пайдалануға 2013 жылы шілдеде тыйым салса, ал өнімді өндірушілерге арнайы нұсқау 13 ай бұрын берілген. Брюссель бұл бастамаларын одан әрі жалғастырмақ ниетте. Еуроодақ 2017 жылдан бастап, қуаттылығы тіптен 900 ваттық шаңсорғышты өндіруге тыйым салуды жоспарлап отыр.

ЕО-та бұл алғашқы бастама емес. Еуроодақ 2009 жылдан бастап, дәстүрлі лампадан бас тартып, үнемді лампаға көшкен болатын. Алайда, жарық бағасы төмендемегені былай тұрсын, жаңа лампалардың бағасы кейбір Еуропа елдерінде 4 есеге дейін қымбаттап кеткен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай