17 шілде 2014 09:40

Еуропалық одақ көшбасшылары Ресейге қарсы санкцияларды күшейтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропалық одаққа мүше елдердің көшбасшылары Украинадағы дағдарысқа байланысты Ресейге қарсы санкцияларды күшейту туралы келісім жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы ЕО саммитінде белгілі болды. 


Еуропалық одаққа мүше елдердің көшбасшылары Украинадағы дағдарысқа байланысты Ресейге қарсы санкцияларды күшейту туралы келісім жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы ЕО саммитінде белгілі болды. 

ЕО көшбасшылары қабылдаған құжатқа сәйкес, Қырымның РФ-на қосылуына жауапты, Украинаның шығысыныдағы жағдайды дестабилизациялауға материалды және қаржылай қолдау көрсеткен жеке және заңдық тұлғаларға санкциялар күшейтілмек. Санкцияға ұшырайтын жеке тұлғалар мен ұйымдардың тізімі шілденің аяғына дейін жасалады.

Сондай-ақ Еурокомиссияға Ресей мемлекеттік секторында Еуропалық инвестициялық банк (ЕИБ) және Еуропалық реконструкция және даму банкі (ЕРДБ) қаржыландыратын бағдарламалардың жұмысын тоқтату тапсырылды. 

Естеріңізге сала кетейік, таяуда АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялаған болатын. Сол құжатқа сәйкес, АҚШ қаржы министрлігі санкцияға ұшырағандардың қатарына қосымша тағы да Ресейдің және Украинаның кейбір азаматтарын, ұйымдарын, компанияларын қосты.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети