23 наурыз 2016 12:08

Эйфель мұнарасы Бельгия туының түсіне боялды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© hibault Camus / AP © hibault Camus / AP

Франциядағы Эйфель мұнарасы Бельгия туының түсіне боялды, - деп хабарлайды Lenta.ru.


Франциядағы Эйфель мұнарасы Бельгия туының түсіне боялды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Бельгия туының түсі - қара, сары және қызыл. Брюссельде болған терактілерге байланысты Париждегі Эйфель мұнарасымен бірге, Берлиндегі Бранденбург қақпасы да Бельгия туының түсіндей иллюминация пайда болды. 

Дәл осы түстер БАЭ-дегі биіктігі 828 метр болатын "Бурдж-Халифа" зеңгір үйі де және Амстердамдағы корольдік сарай да боялды. Нью-Йорктегі Дүниежүзі сауда орталығы кешенінің бас ғимараты да боялады екен. Мұндай бұйрыты Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо берген.  

РИА Новости агенттігінің хабарына қарағанда, Мексика астанасының билігі де қаладағы бірқатар ғимаратты Бельгия түсіне бояп, оған деген қолдауын білдіруді жоспарлап отыр екен.  

Бүгін Брюссельде терактілерден қаза тапқандарды үш күндік еске алу қаралы күні басталды. Германияның мемлекеттік туы көршілес Бельгияға қолдау ретінде түсіріледі, Францияда туға қара жолақтар ілінеді, Мадрид билігі де үш күндік қаралы күн жариялады.

Еске салайық, 22 наурызда таңғы уақытта Брюссель әуежайында екі жарылыс болды. Бельгия билігі жарылғыш заттардың бірін өлімші лаңкес іске қосқан болуы мүмкін деп есептейді. Үшінші жарылыс Мальбек метро станциясындағы вагонда болды. Салдарынан кем дегенде 34 адам қаза тапты, 200-ге жуық адам зардап шекті. Брюссельдегі терактіге Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ лаңкес ұйымы жауапкершілік алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети