09 наурыз 2017 13:27

Facebook "Би-би-си" журналистері жолдаған балалар порносына байланысты полицияға шағым түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© BBC © BBC

Facebook қызметкерлері "Би-Би-Си" журналистері жолдаған балалар порнографиясына шағымданды, - деп хабарлайды Lenta.ru.


Facebook қызметкерлері "Би-Би-Си" журналистері жолдаған балалар порнографиясына шағымданды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Алдымен "Би-Би-Си" журналистері Facebook желісінен балалар порнографиясының көріністері бар видео мен фотоны, сондай-ақ педофил болуы мүмкін делінген қолданушылар аккаунтын анықтаған. "Жариялымға шағымдану" қызметі арқылы олар әлеуметтік желі өкілдерін хабарландырған. 

Дегенмен жолданған 100 материалдың 82-сі өшірілмеген. Олардың ішінде балаларға зорлық-зомбылық көрсету туралы материалдар да бар. Facebook әкімшілігінің пікірі бойынша, бұл материалдар қоғамдастық ережелерін бұзбаған. Алайда журналистер бұл суреттерді Facebook кеңсесіне жолдаған кезде әлеуметтік желі қызметкерлері олардың үстінен арыз жазып, қолдағы материалдарды полицияға тапсырған. 

Ұлыбританияның балалар құқығы жөніндегі уәкілі Энн Лонгфилд Facebook желісінің заңсыз материалдарды жойғысы келмегендігіне наразылық білдірді. "Facebook өкілдері мұны көре тұрып, ештеңе байқамағанына сене алмаймын. Егер бұл автоматтандырылған қызмет салдары болса, бұл жүйенің жұмысын жетілдіруі міндет", - деді ол.

Facebook баспасөз қызметінің жетекшісі әлеуметтік желінің бұл мәселеге аса мән беріп қарайтынын айтады. "Бұл - заңсыз. "Би-би-си" заңсыз материалдарды бізге жолдаған кезде ережеге сай полицияға хабарластық", - деген ол кейін материалдардың барлығы өшірілгенін айта кетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети