"18 жастағы жасөспірімді атып өлтірген Фергюсон қаласындағы полиция қызметкері жұмыстан шығып кетті", - деп жазады Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
"18 жастағы жасөспірімді атып өлтірген Фергюсон қаласындағы полиция қызметкері жұмыстан шығып кетті", - деп жазады Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Даррен Уилсонның адвокаты Нил Брантрэгер "Даррен Уилсонның жұмыстан кету жайында жуық арада арнайы өткізілетін баспасөз мәслихатында жария болады", - деп мәлімдеді. Ал осыдан біраз бұрын тәртіп сақшысының қорғаушысы "Даррен Уилсонның жұмыстан кету-кетпеуін уақыт көрсетеді", - деген еді. Алайда халық дүрлігіп, полиция қызметкерлеріне қауіп төнгендіктен, Даррен Уилсонның жұмыстан кетпесіне амалы қалмаса керек.
Естеріңізге сала кетейік, жасөспірім 9 тамызда өлтірілді. Фергюсонда 18 жастағы қарусыз Майкл Браунға полицей Даррен Уилсон оқ атқан. Оқиғадан кейін қалада тәртіпсіздік орнап, көптеген тұрғын тәртіп сақшыларымен арада болған қақтығыста жапа шекті, басым бөлігі көзден жас ағызатын газ бен топталған адамды тарату үшін атылған резеңке оқтардан жарақат алған. Фергюсонның 65 пайызын құрайтын қара нәсілді тұрғындар жергілікті полицияның оларға қысым көрсететінін айтып, шағымданды. Наразылық шаралары 38 штатта болды. Сонымен қатар, Бостан мен Нью-Йоркте де 3 мыңдай адам шеруге шығып, 24 адам қамауға алынған еді. Алайда офицер Уилсонның жақтастары да әбден сайланыпты.
Қазір Фергюсон қаласында жеті күндік марш басталды. Мақсаты – әділ қазылар шығарған үкімге қарсылық таныту. Өздеріңіз білесіздер, алқа билері жасөспірімді өлтірген полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғауға дәйек жеткіліксіз деген шешімге келген болатын. Бұл маршты ұйымдастырған – АҚШ-тағы қара нәсілділер құқын қорғаушы Ұлттық қауымдастық (NAACP). Белсенділер жеті күн ішінде Фергюсоннан Джефферсон-Сити қаласына дейін жаяу жетпекші. Джефферсон-Сити – Миссури штатының астанасы.