25 қараша 2014 11:08

Фергюсондағы жасөспірімнің өлімі: Алқабилер полицейді ақтап шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сент-Луиспрокуроры Боб МакКалок (Bob McCulloch). ©REUTERS Сент-Луиспрокуроры Боб МакКалок (Bob McCulloch). ©REUTERS

АҚШ-тағы алқабилер Фергюсонда жасөспірімді өлтірген полицей Даррен Уилсонды кінәсіз деп тапты, - деп хабарлайды РИА Новости Сент-Луис прокуроры Боб МакКалокқа (Bob McCulloch) сілтеме жасап.


АҚШ-тағы алқабилер Фергюсонда жасөспірімді өлтірген полицей Даррен Уилсонды кінәсіз деп тапты, - деп хабарлайды РИА Новости Сент-Луис прокуроры Боб МакКалокқа (Bob McCulloch) сілтеме жасап.

"Тергеу толықтай жүргізілді, әділ қазылар барлық материалдармен танысып шықты және екі күндік талқыдан кейін Уилсонға қарсы тағылған айыптар алынып тасталады, деген шешім қабылданды", - дейді прокурор. Сондай-ақ Фергюсонда өлтірілген жасөспірімге қатысты пікірін айтқан МакКалок, қорғаушы адвокаттарға жүздеген фотосурет пен айғақтар, сонымен қатар куәгерлердің жауаптары да берілгенін атап өтті. 

"Кейбір куәгерлер болған оқиғаны мүлдем көрмегендерін мойындады", - дейді прокурор. Оның айтуынша "жалғыз мақсат - толық әрі әділ тергеу жүргізу" және ол қаза тапқан Майкл Браунның отбасына көңіл айтты. Соттың шешімін тыңдау үшін полиция бөлімшесінің алдына жүздеген адам жиналып, жиналған топ прокурордың жүргізген трансляциясын үнсіз тыңдады. Сот қорғаушылар шешімін жариялаған соң кейбірі жылап, енді бірі "Әділ сот жоқ жерде бейбітшілік жоқ" деп ұрандатқан. 

Естеріңізге сала кетейік, жасөспірім 9 тамызда өлтірілді. Фергюнсонда 18 жастағы қарусыз Майкл Браунға полицей Даррен Уилсон оқ атқан. Оқиғадан кейін қалада тәртіпсіздік орнап, көптеген тұрғын полицеймен қақтығыста жапа шекті, басым бөлігі көзден жас ағызатын газ бен топталған адамды тарату үшін атылған резеңке оқтардан жарақат алған. Фергюсонның 65 пайызын құрайтын қаранәсілді тұрғындар жергілікті полицияның оларға қысым көрсететінін айтып, шағымданды. Алайда офицер Уилсонның да жақтастары оны қорғаушы күшпен әбден сайланыпты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети