11 тамыз 2015 11:55

Фергюсондағы жасөспірімнің өлімі: Шеруге шыққандар қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Фергюсонда Майкл Браунның полицейдің қолынан қаза табуына байланысты өткен наразылық шеруінен кейін 10 адам қамауға алынды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.


Фергюсонда Майкл Браунның полицейдің қолынан қаза табуына байланысты өткен наразылық шеруінен кейін 10 адам қамауға алынды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Полицейлерге су толы құтыларды лақтырып, наразылық шеруіне шығушылар мен болған оқиғалардың санына қарамастан жанжалдың ушығуына жол берілмеді. Шеруге шыққандардың кейбірінің айтуына қарағанда, тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолданған. Алайда ол шеруге шыққандарды тоқтата алмады.

Басылымның мәліметінше, 10 тамызда шеру барысында оқ атылды, соның салдарынан екі адам зардап шекті. Зардап шеккендердің біреуіне қатысты полицеймен атысты деген күдік пайда болды.

Атышулы оқиғаның бір жылдығына байланысты Фергюсонда қауіпсіздікті сақтау мақсатында Сент-Луиса өңірінен 200 полицей мен Миссури жол полициясының 100 қызметкері жұмылдырылды. Бұл өңірде осы күндерге наразылық марштары, шіркеулерде еске алу шаралары мен "дөңгелек үстелдер" және пікірталастар жоспарланған. 

Еске сала кетейік, 2014 жылы 9 тамызда Фергюсон қаласында қара нәсілді 18 жастағы Майкл Браунды полицей Даррен Уилсон атып өлтірді. Қаза болған жасөспірім бұған дейін істі болмаған, полицейлердің қолына түспеген.

Осы оқиғадан кейін бірнеше күн қатарынан қарсылық шарасы ұйымдастырылып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласып, қала тұрғындары полицейлермен қақтығысуға дейін барды. Алайда АҚШ-тағы алқабилер Фергюсонда жасөспірімді өлтірген полицей Даррен Уилсонды кінәсіз деп тапты. Соның салдарынан халық наразылық шараларын ұйымдастырып, дүкендер мен үйлер өртелді. Наразылық шаралары АҚШ-тың өзге қалаларында да ұласты.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети