Flydubai компаниясының бас директоры ресми мәлімдеме жасады

19 Наурыз 2016, 14:59
0
Flydubai компаниясының бас директоры ресми мәлімдеме жасады - © Lenta.ru
© Lenta.ru

Апатқа ұшыраған "Боинг" ұшағы тиесілі Flydubai әуе компаниясының бас директоры Гайс Әл-Гайс лайнеріндегі қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. Ол компания қызметкерлерінің болған жағдайдан қатты шошынып қалғанын жеткізді, - деп хабарлайды LifeNews.

"Бортта болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің жақындарына көмек көрстеу - біздің басты міндетіміз. Flydubai компаниясындағы әрбір қызметкер қаза тапқандардың туыстарымен бірге. Әзірше біз оқиғаның мән-жайын толық білмесек те, апаттың себебін анықтау үшін билікпен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Бортта болғандардың жақындарына көмек көрсету үшін қолдан келгенін жасаймыз", - деді ол.

Еске салайық, әуе апаты бүгін, Астана уақыты бойынша 19 наурызда сағат 6.50-де Ростов-на-Дону әуежайында болды. Дубайдан келе жатқан "Боинг-737-800" ұшып-қону жолағынан 100 метр жерге құлап, бөлініп кеткен де, кейін өртенген. Ұшақ бортында төрт баланың болғаны анықталды. Лайнердегі 55 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі түгелдей қаза тапты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай