28 желтоқсан 2019 09:36

Fokker апаттың себебін анықтау үшін Алматыға мамандарын жібереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нидерландылық әуеқұрастырушы Fokker компаниясы Алматыға Bek Air компаниясы ұшағының апат себептерін анықтау мақсатында мамандарды жібереді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Нидерландылық әуеқұрастырушы Fokker компаниясы Алматыға Bek Air компаниясы ұшағының апат себептерін анықтау мақсатында мамандарды жібереді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл туралы ұлыбританиялық GKN холдингіне кіретін Fokker компаниясының ресми өкілі мәлімдеді. 

"Стандарт хаттама аясында біз Қазақстанға техникалық қолдау ретінде шағын команданы жібереміз", - деді ол.

Fokker өкілі мұндай ақпараттың құпиялығына байланысты сарапшылардың қай жерде және қай құрамда болатынын нақтыламады.

Еске салайық, 27 желтоқсанда таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын. 

Ұшақ апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланған. Кейін әлеуметтік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев әуе апаты салдарынан 12 адамның қаза болғанын айтқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети