10 шілде 2018 09:46

Франция полицейлері "Аллаху акбар!" деп айғайлаған ер адамды абайсызда өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға болған жер Оқиға болған жер

Францияның батысында белгісіз ер адам қала тұрғындарына шабуыл жасамақ болған, - деп хабарлайды C News.


Францияның батысында белгісіз ер адам қала тұрғындарына шабуыл жасамақ болған, - деп хабарлайды C News.

Куәгерлердің айтуынша, шамамен 30 жастағы ер адам бастапқыда көшеде тұрған көліктерді қирата бастаған. Кейіннен үйлердің қақпаларына "Аллаху акбар!" деп баса-көктеп кірмекші болған. Алайда үйлердің ішіне кіре алмағандықтан ол қайтадан көшеге шығып, барлығын қиратқан. Сол сәтте оқиға орнына полицейлер келген.

Бірақ, басылымның мәліметінше, ол полицейлерге қарсылық көрсеткен, сондықтан олар ер адамды электршок қаруымен үш рет атып, нәтижесінде ол өзін нашар сезініп, қаза болған.

Сондай-ақ, ер адамның пышағы болғаны айтылады. Қазіргі уақытта оның аты-жөні анықталып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети