08 қаңтар 2015 14:23

Франция полициясы лаңкестікке күдіктілердің бірінің жеке куәлігін тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Француз полициясы Charlie Hebdo апталығының штаб-пәтеріне шабуыл жасауға күдіктілердің бірі - Саид Куашидің жеке куәлігін тапты, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті BFMTV телеарнасына сілтеме жасап. 


Француз полициясы Charlie Hebdo апталығының штаб-пәтеріне шабуыл жасауға күдіктілердің бірі - Саид Куашидің жеке куәлігін тапты, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті BFMTV телеарнасына сілтеме жасап. 

Қазір полицейлер редакцияға шабуыл жасаған ағайынды Саид пен Шериф Куашилерді іздестіріп жатыр. Қылмысқа қатысы бар үшінші адам - 18 жастағы Хамид Мурад полицияға өз еркімен берілген. 

Қазіргі уақытта ақпарат құралдары Charlie Hebdo сатира басылымының редакциясына жасалған шабуылға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 7 адамның ұсталғанын да хабарлап жатыр. Бұл ақпаратты Францияның премьер-министрі Мануэль Вальс растады. "Бірнеше адам ұсталды, адамдар қамауға алынды", - деді ол. 

Сонымен бірге Париждің аумағында атыстың дыбысы естілгені туралы ақпарат бар. Оның террорлық әрекетке қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. 

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 7 қаңтар күні болды - басылым редакциясы отырған ғимаратқа белгісіз біреулер кіріп келіп, адамдарды ата бастады. 12 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алды. Лаңкестер сатира басылымын шығарушы белгілі карикатурашылардың бәрін дерлік өлтірді. Полиция қылмысқа күдіктілердің фотосуреттерін жария етті. Ағайынды Саид және Шериф Куашилердің Сириядан келгені мәлім болды, олардың содырлар лагерінде дайындықтан өтуі ықтимал. 

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Парижде Charlie Hebdo редакциясына жасалған қарулы шабуылды айыптады. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің және Қазақстан халқының атынан Франция президенті Франсуа Олланд пен бүкіл француз еліне көңіл айту жеделхатын жолдады.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети