19 наурыз 2014 20:46

G8 Ресейді мүшеліктен айыру мәселесін талқылайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дэвид Кэмерон. ©Kcblog.info Дэвид Кэмерон. ©Kcblog.info

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон егер Ресей Украинадағы ахуалды одан әрі тұрақсыздандыра беретін болса, "Үлкен сегіздік" оны халықаралық клубтан мүлдем шығарып тастау мәселесін талқылауы керек деп есептейді. Бұл туралы AFP хабарлады. АҚШ Президенті Барак Обама "Үлкен сегіздікке" қатысушы елдердің саммитін шақырып отырғанын айта кету керек. G8 төрағасы Ресей бұл саммитке шақырылған жоқ. Қатысушылар Қырымның Ресей Федерациясына қосылуы төңірегіндегі ахуалды талқылайтын болады. "Мен өз одақтастарымызбен және әріптестерімізбен бірге алға жүруіміз қажет деп есептеймін және Ресейді "Үлкен сегіздіктен" үнемі аластату немесе қалдыру мәселесін міндетті түрде талқылауымыз керек", - деді Кэмерон лейбористік оппозиция жетекшісі Эдвард Миллибэндтің сауалына қайтарған жауабында. Кэмеронның айтуынша, Ресейдің Қырымға және Украинаның шығысындағы басқа да аймақтарға қатысты кез келген әрекетіне "мейлінше қатаң" экономикалық және дипломатиялық санкциялармен жауап беру қажет. Ол Ұлыбританияның 2014 жылдың маусым айында Сочиде өткелі отырған G8 саммитіне дайындықты тоқтату қажеттігін мәлімдегенін атап өтті. Бұған дейін Франция Сыртқы істер министрі Лоран Фабиус батыс елдері жетекшілерінің Ресейдің G8-ге мүшелігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын жария еткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети