27 маусым 2015 14:26

Галлиполи жағалауында 853 жолаушысы бар кеме танкермен соқтығысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Seafarercruises.com © Seafarercruises.com

Celestyal Crystal жолаушылар кемесі Түркияның Галлиполи түбегіне жақын маңда STI Pimlico танкерімен соқтығысып қалды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.


Celestyal Crystal жолаушылар кемесі Түркияның Галлиполи түбегіне жақын маңда STI Pimlico танкерімен соқтығысып қалды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 01.25-те болды. Жүк тиелген танкер Ресейдің Туапсе қаласынан Мальтаға бағыт алған. 853 жолаушы мен 382 экипаж мүшесінен тұратын жолаушылар кемесі болса Миконос аралынан Стамбулға бара жатқан.

Ақпарат құралдарының мәліметінше, екі кеме де соқтығысқаннан кейін қатты зақым алды. Яғни, танкердің бірнеше цистернасы соғылып, су кеткен. Алдын ала болжам бойынша, жолаушылар кемесінің бортында жараланғандар бар. Ақпарат көздерінің мәліметінше, соқтығысу екі кеменің де командирлерінің қателігінен болды. Қозғалыс орталығы оларға соқтығысу қаупі туралы ескерту жасаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети