29 қараша 2017 18:35

Генерал сот үкімін ести сала у ішіп қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Босниялық хорваттардың бұрынғы командирі, 72 жастағы генерал Слободан Пральяк босниялық мұсылмандарға қарсы әскери қылмыс жасағаны үшін апелляциялық сотта 20 жыл жаза тағайындау туралы үкім шыққан сәтте у ішіп қойғанын мәлімдеген, - деп хабарлайды Reuters.

Видеода ер адамның судья үкім оқып жатқан сәтте у ішкенін көруге болады. 

"Қазір ғана у іштім. Мен әскери қылмыскер емеспін. Бұл үкімге наразымын", - деді ол. 

Өз кезегінде төрағалық еткен судья сот тыңдауын тоқтатып, дәрігерлерді шақыртқан. Бұл үкімнің халықаралық трибуналдың соңғы шешімі болғаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети