24 маусым 2016 09:39

Германияда белгісіз біреу кинотеатр ішінде атыс шығарған: Шабуылдың видеосы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Ralph Orlovski © REUTERS/Ralph Orlovski

Guardian басылымы немістердің Фирнхайм қаласында белгісіз ер адамның кинотеатрда атыс шығарып, оған полиция қызметкерлерінің шабуыл жасағаны түсірілген видеоны жариялады.


Guardian басылымы немістердің Фирнхайм қаласында белгісіз ер адамның кинотеатрда атыс шығарып, оған полиция қызметкерлерінің шабуыл жасағаны түсірілген видеоны жариялады.

Еске салайық, 23 маусымда қаруланған ер адам бетперде киіп, Фирнхайм қаласындағы Kinopolis кинотеатрында келушілерге оқ атып, оларды кепілге алған болатын. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері қаскүнемнің көзін жойды.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар жоқ. Бұған дейін ақпарат құралдары 50 адамның зардап шеккенін мәлімдеген еді. Кейінірек адамдардың полицейлердің көзді жасаурататын газды қолданғанынан зардап шеккені хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети