Германияда Париждегі терактіге қатысы бар лаңкестер ұсталды

13 Қыркүйек 2016, 17:54
0
© tvc.ru
© tvc.ru

Германияда теракт жасамақ болған сириялықтар ұсталды. Тұтқындалған сириялықтардың ДАИШ террористік ұйымына қатысы болғаны анықталды, - деп хабарлайды 24.kz BBC агенттіне сілтеме жасап.

Шлезвиг-Гольштейн және Төменгі Саксония федералды жерлерінде ұсталған ер адамдар 17,18 және 26 жаста болған. Қолға түскен күдіктілер 2015 жылдың күзінде Германияға Түркия мен Грекия арқылы жасанды төлқұжатпен өтіп кеткен. 

"Германияда Париждегі терактіге қатысы бар лаңкестер ұсталды", - Германияның сыртқы істер министрі Томас де Мезьер.

Ведомствоның мәліметінше, қолға түскен бұл сириялықтар мен өткен жылғы күзде Парижде теракт жасағандар арасында байланыс бар. Себебі олардың барлығының жасанды төлқұжаттары бір жерден шығарылғаны анықталды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай