16 қараша 2016 01:10

Голландиялық құрылысшы жігіт бір сәтте модельге айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© o2.pl © o2.pl

Амстердам қаласының тұрғыны, қарапайым құрылысшы жігіт Twitter желісінің жұлдызына айналып, модель атанды. Оның дене бітімі мен түр әлпетіне таңғалған қыз суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Бұл туралы The Telegraph басылымы жазады. 


Амстердам қаласының тұрғыны, қарапайым құрылысшы жігіт Twitter желісінің жұлдызына айналып, модель атанды. Оның дене бітімі мен түр әлпетіне таңғалған қыз суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Бұл туралы The Telegraph басылымы жазады. 

Лондондық 21 жастағы студент қыз 5 қарашада жас жігітпен түскен суретін жариялағаннан кейін, олар вирусты танымалдылыққа ие болды. Суреттегі жігітке қызыққан қолданушылар оны тапқысы келген. 

Құрылысшы жігіттің есімі Ники Либерт екені анықталған. Ол Instagram желісінен табылған және оның аккауынты санаулы күндердің ішінде 485-тен 35 мыңға дейін көбейген. Осыдан кейін, құрылысшы жігітпен Elite  сән агенттігінің өкілдері хабарласып, келісімшарт жасасуды ұсынған. 

"Олар маған келіп, менен модель емессің бе деп сұрады. Мен жоқ деп жауап бердім, модель болсам мына жерде құрылысшы болмас едім деп жауап бердім", - деді Либерт. 

Агенттікте Ники портфолио жасауы үшін кәсіби фотосессияға түскен.

Жас жігіт бірнеше күннің ішінде өз өмірінің күрт өзгергенін айтады. "Қандай ғажайып апта... Барлығы да өзгеріп сала берді, енді осыған үйрену керек", - деп жазады Ники Instagram желісіндегі өзінің парақшасында. 

 

Photo taken by @miloudouze @elite_amsterdam_boys ❤

Фото опубликовано Nicky Libert (@nicky_libert)

 Осыған ұқсас жағдай қырғызстандық жас жігіттің басынан өтті. Ол өзінің сүйіктісіне арнап, мұңды рэп орындап Instagram желісінің қолданушыларын өзіне баурап алды. Санаулы күннің өзінде оның парақшасына 250 мыңға жуық адам жазылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети