25 қаңтар 2017 15:25

Голливуд жұлдыздарының интим суреттерін жариялаған хакер сотталды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дженнифер Лоуренс Дженнифер Лоуренс

Америкалық жұлдыздардың электронды поштасына бұзып кірген хакер тоғыз айға сотталды, - деп хабарлайды РИА Новости Guardian газетіне сілтеме жасап. 


Америкалық жұлдыздардың электронды поштасына бұзып кірген хакер тоғыз айға сотталды, - деп хабарлайды РИА Новости Guardian газетіне сілтеме жасап. 

Хакер 30 шақты белгілі адамның әлеуметтік желілердегі аккаунтын бұзып кірген. Ал олардың интим суреттері 2014 жылы Интернеттегі 4chan.org аноним форумына жарияланған. Хакерден зардап шеккен жұлдыздар арасында "Голодные игры" фильмі бойынша белгілі актриса Дженнифер Лоуренс те бар.


Дженнифер Лоуренс


Бри Барсон


Кейт Аптон

29 жастағы Эдвард Маерчик фишинг жүйесі арқылы 300-ден аса интернет-аккаунтты бұзып кірген. Былтыр Маерчик ақпарат ұрлағаны бойынша кінәсін мойындаған. Ол кезде материалдар Ғаламторға еркін қолданыс үшін орналастырылмағандықтан хакерге айып тағылмады. 

Хакерге айып тағылған бап бойынша адам бес жылға сотталып кетуі мүмкін. Дегенмен қорғаушы мен айыптаущы жақ бірауыздан келісімге келіп, оны тоғыз айға ғана бас бостандығынан айырған. 

Сонымен бірге, Маерчик 5,7 мың доллар төлеуге міндеттелді. Бұл зардап шеккен жұлдыздардың бірі психологқа жұмсаған шығын. 


Виктория Джастис


Кейли Куоко

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети