05 тамыз 2019 16:04

Гонконгта халық неге көтерілді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гонконгтағы шерушілер. © Ким Кен Хун/Reuters Гонконгтағы шерушілер. © Ким Кен Хун/Reuters

Гонконгта экстрадициялау туралы заңға қарсы халық көтерілді, - деп хабарлайды DW.


Гонконгта экстрадициялау туралы заңға қарсы халық көтерілді, - деп хабарлайды DW.

Оған 500 мыңнан аса адам қатысады деп болжанған. Экстрадиция туралы заң жобасына қарсы шыққан мыңдаған адам қаладағы автомобиль қозғалысын тоқтатып тастаған. Наразылар жолдар мен тоннельдерді жауып, метро мен автобус қозғалысына кедергі болып жатыр. 

Халықаралық әуежайға түрлі компанияның 200-ден аса рейсі тоқтап қалған. Әуежайда бір ғана ұшу-қону жолағы істеп тұрғаны айтылады. Көтеріліс Гонконгты түгелдей тоқтатып тастауы мүмкін екен.

РИА Новости мәліметінше, полиция жас шығаратын газды қолданған. Наразылар тәртіп сақшыларына тас лақтырған.

Үлкен бір топ Тхиньшуйвай ауданы полиция ғимаратын қоршап алып, полиция қызметкерлеріне тас лақтырған. "Көптеген ескертуден кейін полиция жас шығаратын газ қолданып, полиция учаскесінің маңына жиналғандарды таратуға болмашы күш қолданды", - делінген полиция мәлімдемесінде.

Полиция наразыларды бұл ауданнан кетуге және тәртіп сақшыларына күш қолдануды сөгіп, жақын маңда тұратындарды терезелерді жауып, ешқайда шықпауға шақырған. Мұның алдында Гонконг администрациясының басшысы Кэрри Лэм тоқтаусыз наразылықтың қауіпті әрі тұрақсыз екенін мәлімдеген. Оның сөзінше, наразылар елдің ұлттық егемендігіне қауіп төндіріп жатыр.


Наразы топтың полицияға жас шығаратын газды полицияға кері лақтырып жатқан сәті. © Тайрон Сиу/Reuters

Айта кетейік, Гонконгта осымен үшінші ай жаппай наразылық жалғасып жатыр, ал соңғы екі аптада полиция мен шерушілердің қақтығысы үдеп барады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети