29 қараша 2014 11:12

Гонконгтағы тәртіпсіздік кезінде 28 белсенді ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото©РИА Новости Фото©РИА Новости

 29 қарашаға қараған түні Гонконгтағы тәртіпсіздік кезінде полиция Occupy Central белсенділерінің 28 мүшесін ұстады,- деп хабарлайды РИА Новости.


 29 қарашаға қараған түні Гонконгтағы тәртіпсіздік кезінде полиция Occupy Central белсенділерінің 28 мүшесін ұстады,- деп хабарлайды РИА Новости.

Тәртіпсіздік кезінде 10 адам жарақат алған, оның сегізі полиция қызметкерлері.  
БАҚ таратып отырған ақпараттарға сүйенсек, қарсылық білдірушілер Коулун тубегінде орналасқан Монгкок ауданында қайтара қарсылық шарасын өткізбек болған.
Еске салайық, Монгкок ауданы бірнеше күн бұрын үкіметке қарсылық білдіруші баррикада құрып жатқан ереуілшілдерден тазартылған болатын. Тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларды ауданнан аластау үшін полиция қызметкерлеріне жуан таяқ, шоқпар, көзден жас ағызатын газдар қолдануға тура келген.

Қазір ауданда рұқсат етілмеген жиындар өткізілмеуі үшін полиция бақылауы күшейтілген.
Ал жалпы, тәртіпсіздік шарасы кезінде 160 адам ұсталды. Олардың арасында тәртіпсіздік шарасын ұйымдастырушылардың белсенділері Джошуа Вонг және Лестер Шум бар. Олар қазірде қарсылық алаңына жоламайтынына кепілдік алынып  қамаудан босатылды.
Еске салайық, белсенділердің аймақ басшысын сайлаудың демократиялық жолмен еркін өтуін талап еткен наразылық шеруі қыркүйектің соңында басталып, бір айдан аса уақытқа жалғасқан еді. Олар маусым айында он күн бойы 800 адам қатысқан онлайн-референдум де өткізген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети