19 қыркүйек 2015 17:34

Грекия жағалауында тағы бір босқын бүлдіршін қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Грекия жағалауына бет алған босқындардың кемесі апатқа ұшырады, бес жасар қыз суға батып кетті, - деп хабарлайды РИА Новости.


Грекия жағалауына бет алған босқындардың кемесі апатқа ұшырады, бес жасар қыз суға батып кетті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Шамамен 22-26 босқын Лесбос аралына бет алған. Митилини қаласының солтүстігінен бес шақырымда кеме суға кеткен, 13 адам құтқарылды. Қалған адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


© РИА Новости. Лесбос аралының тұрғындары босқындарға көмек көрсетіп жатыр.

Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстың босқындары Еуропаға Жерорта теңізі арқылы баруға тырысып жатыр. Олар адам тасумен заңсыз айналысатын контрабандистердің көмегіне сүйеніп отыр. Дегенмен олардың көп бөлігі қаза тапты.

РИА Новости мәліметінше, бір апта ішінде Бельгияға 1,9 мың босқын келген. Бұл алдыңғы аптаға қарағанда төрт есеге көп. Белгияның мемлекеттік хатшысы Тео Франкеннің айтуынша, Сириядан келген босқындар саны соңғы үш аптада екі есеге өскен. Олардың саны 342-ге жетіп отыр.

Венгрия болса Хорватиямен шекарасына босқындарды өткізбеу мақсатында ұзындығы 41  шақырым болатын қоршау орнатты.


© РИА Новости. Сербия-Венгрия шекарасындағы босқындар.

Соңғы мәлімет бойынша, бір жарым күн ішінде Хорватиядан Венгрияға 5,2 мың босқын кірген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети