25 шілде 2018 09:19

Грекия орманында шыққан өрттен құрбан болғандар саны 70-ке жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS / Costas Baltas © REUTERS / Costas Baltas

Грекияда дүйсенбіде бірнеше ірі өрт шығып, соның салдарынан 70 адам қайтыс болды. Аттикте төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Грекияда дүйсенбіде бірнеше ірі өрт шығып, соның салдарынан 70 адам қайтыс болды. Аттикте төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ел премьер-министрі Алексис Ципрас қаза болғандардың құрметіне үш күндік қаралы күн жариялады. Греция прокуратурасы өрттің неден шығуы мүмкін екенін анықтау үшін тергеу бастады, ал әскерилер Шығыс Аттикке көшкен өртті сөндіруге қатысып жатыр. 

Агенттік мәліметінше, орман өрті Грецияда жазғыц маусымда болып тұрады екен. 2017 жылы кей өңірлерде төтенше жағдай жарияланған. Соңғы күндері Грекияда ауа температурасы 40 градустық аптап болып тұр. Ал дүйсенбіде жел күшейіп от тез тараған. 

Грецияның өрт сөндіру қызметінің сейсенбі күні таңертең берген ресми деректер бойынша, Шығыс Аттикте 49 адам қайтыс болған, 156 ересек адам жарақат алған, 16 бала ауруханаға түскен. Кейінірек Sputnik Греция қаза тапқандар саны 74-ке жеткенін хабарлады. Олардың арасында Польшадан келген екі турист бар - анасы мен баласы. 

Рафина-Пикерми ауданының мэрі Эвангелос Бурнус өрттен мыңдаған үй мен үш жүзден аса автокөлік өртенгенін хабарлады. Мати елді мекені түгелдей өртеніп кеткен. Еуропаның бірнеше елі Грекиядағы төтенше жағдайға байланысты көмектесуге дайын екенін жеткізді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети