04 қыркүйек 2017 15:37

Грозныйда Мьянма тұрғындарын қолдау мақсатында митинг өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грозныйда Мьянма тұрғындарын қолдау мақсатында митинг өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Грозныйда Мьянма тұрғындарын қолдау мақсатында митинг өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндай іс-шараның сағат 11.00-де "Сердце Чечни" мешітінің алдында өтетіні жайлы осыға дейін Грозный ТВ арнасы хабарлаған болатын.

Қазіргі уақытта митингке бірнеше мың адамның қатысып жатқаны айтылады. Сондай-ақ, митингке қатысып жатқандардың ішінде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров бар.

Ал кеше Мьянманың Мәскеудегі елшілігінің алдында митинг өткен болатын. Жиналғандар Мьянма әскери үкіметінің мұсылмандарды қудалауына қарсы болып, қолдау білдіру мақсатында шыққан.  

Еске сала кетейік, таяуда Мьянмада (ескі атауы - Бирма) үкіметтік күштер мен рохинджа мұсылмандары арасында бір апта бұрын басталған қақтығыстың салдарынан 400-ден аса адам өлтірілген болатын. Жергілікті биліктің мәліметінше, қақтығыс "рохинджа содырларының" Ракхайн штатында (ескі атауы - Аракан) бірнеше полиция бекетіне және армия казармасына жасаған шабуылынан басталған-мыс. Мьянма әскерінің мәлімдемесінде 25 тамыздан бастап 90 қақтығыс болған, оның барысында 370 "содыр" қаза тапқан. Ал үкіметтік күштердің қатарында 15 адам мерт болған. 

Айта кетейік, рохинджалар (рохинья) - этникалық мұсылман бенгалдар, оларды британ колониялық билігі Араканға XIX және XX ғасырдың басында көшірген. Халқының жалпы саны бір жарым миллион шамасында. Қазіргі уақытта олар Ракхайн штатындағы халықтың басым бөлігі. алайда олардың көпгшілігі Мьянма азаматтары емес.

Мұның алдында Түркия президенті Тайип Ердоған пікір білдіріп, Мьянмадағы оқиғаларды "мұсылмандар зұлматы" деп атаған болатын. Ал өз кезегінде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров бұл қантөгісті бүкіл әлем болып тоқтату қажеттігін айтқан еді.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Мьянмада қақтығыстар барысында қаза тапқан мұсылмандардың мәселесін көтеріп, қайғыға ортақтасып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети