23 наурыз 2018 16:39

Грузиядағы арқанжолдан шыққан апаттың себебі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузияның Гудаури таушаңғы курортында туристер зардап шеккен ірі апатқа арқанжол операторының қате әрекеті себеп болған, - деп хабарлайды РИА Новости елдің вице-премьері Дмитрий Кумсишвилиге сілтеме жасап.

"Электр қысымы болғанын анықтадық, одан арқанжол қозғалысы тоқтап қалған. Алайда арқанжол тоқтағанда оператор дизель генераторына қосып, туристерді түсіруі қажет еді. Оператор қателесті, бұл адам факторы", - деп келтіреді басылым Кумсишвилидің сөзін.

Министрдің айтуынша, оператор жұмыстан шеттетілген. Әзірге ІІМ-нің оған қандай да бір айып таққан-тақпағаны белгісіз. 

Еске салайық, 16 наурызда Гудаури таушаңғы курортында апат болған еді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 11 адам зардап шеккен, олардың ішінде украиналықтар, ресейліктер, грузиялықтар және швециялық жүкті әйелі бар. Олар ауруханаға жеткізілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети