14 қыркүйек 2017 08:25

Хиллари Клинтон өзін "Тақтар ойынындағы" Серсея Ланнистерге теңеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та президент сайлауында жеңіліп қалған Хиллари Клинтон өзін атақты сериал "Тақтар ойынындағы" Серсея Ланнистерге теңеді, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 


АҚШ-та президент сайлауында жеңіліп қалған Хиллари Клинтон өзін атақты сериал "Тақтар ойынындағы" Серсея Ланнистерге теңеді, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 

"Мұндай теңеу Клинтонның сайлауда жеңіліп қалғаннан кейінгі шыққан "Не болды?" деген кітабынан табылды. "Саясатта әйел адамның болуы өте қиын, меніңше, барлық мүмкін болған сын маған келіп тиді. Трапмты қолдаушылар мені соттасын деп ұрандады. Олар: "Кінәлі! Кінәлі!", - деп "Тақтар ойыны" сериалындағы олар Серсея Ланнистердің Қызыл қамалға жеткенше фанатиктер секілді: "Масқара, Масқара!", - деп жазды Клинтон. 

Тақтар ойыны (Game of Thrones) - жазушы Джордж Мартиннің "Мұз бен от жыры" атты романдар желісі бойынша түсірілген фэнтези жанрындағы америкалық драмалық телесериал.

Айта кетейік, "Тақтар ойыны" киносының жетінші маусымының соңғы сериалы қаралым жағынан рекорд орнатты. "Айдаһар және қасқыр" деп аталған жетінші маусымның финалдық эпизодын шамамен 16 миллион адам тамашалаған. 

НВО арнасының ең танымал "Тақтар ойыны" туындысының келесі, сегізінші маусымы алты сериядан ғана тұрады және ол 2019 жылы шығады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети