10 наурыз 2014 19:18

Ходорковский Швейцариядан тұрғылықты жер сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бостандыққа шыққан Михаил Ходорковский Швейцарияның билік өкілдерінен тұрақты өмір сүруге рұқсат беруді сұрады деп хабарлайды "РИА Новости". Бұл туралы Ходорковскийдің өкілі айтты. Швейцарияда "ЮКОС"-тың бұрынғы басшысының әйелі Инна тұрады, бұл ел Ходорковскийге үш айлық шенген визасын берген. Кәсіпкер Швейцарияда тұрақты тұрғысы келетінін бұған дейін де айтқан болатын. Еске сала кетейік, Ресей Президенті Владимир Путин 2013 жылдың 20 желтоқсанында "ЮКОС" мұнай компаниясының экс-басшысын босату туралы жарлыққа қол қойған еді. Бизнесмен темір тордың ар жағында 11 жылға жуық уақыт отырды. Түрмеден босатылғаннан кейін ол бірден жеке ұшақпен Берлинге кетті. 9 наурызға қараған түні экс-олигарх Киевтегі Тәуелсіздік алаңына жиналғандар алдында сөз сөйледі. Ол ресейлік билік пен ақпарат құралдарын Украинадағы ахуалға қатысты жалған үгіт-насихаты үшін айыптады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети