18 қыркүйек 2018 14:52

Ил-20 ұшағын cириялықтар атып түсірген - Ресейдің Қорғаныс министрлігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ресейлік Ил-20 ұшағын Сирияның әуе шабуылына қарсы қорғану жүйесінің C-200 зымыран кешені атып түсірген. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, генерал-майор Игорь Конашенков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Ил-20 ұшағын сириялық С-200 зымыран кешені атып түсірді, - деп хабарлады Конашенков.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ил-20 ұшағында болған 15 адам қаза тапты.

Еске сала кетейік, мұның алдында БАҚ өкілдері ресейлік әскери ұшақты сириялықтар ұшырып түсірген болуы мүмкін екені жайлы хабарлаған  еді.

Ил-20 ұшағы 17 қыркүйекте кешкі уақытта жоғалып кеткен болатын. Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі өкілдерінің хабарламасында ұшақтың Мәскеу уақыты бойынша сағат 23.00-де Сирия маңында жоғалып кеткені айтылады. Ресейдің Қорғаныс министрлігі өкілдерінің сөзіне қарағанда, осы сәтте Израильдің төрт F-16 жойғышы Сириядағы нысандарға шабуыл жасаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети