16 шілде 2018 11:36

Илон Маск Тайландта үңгірде қалып қойған балаларды құтқарған дайверді "педофил" деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

SpaceX пен Tesla компанияларының негізін қалаған Илон Маск ұлыбританиялық дайвер Верн Уонсортты педофил деп атады, бұл оның футболистерді үңгірден алып шығу бойынша айтқан жоспарын сынға алған соңғы әрекеті ", - деп жазады РИА Новости The Hollywood Reporter басылымына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, осыған дейін футболшыларды үңгірден құтқару операциясына қатысқан дайвер Верн Уонсорт Twitter желісіндегі парақшасында Илон Масктың осы операция бойынша айтқан жоспарын "пиар-трюк" деп жазған болатын.

Илон Маск өз кезегінде одан балалардың қалай құтқарылғаны түсірілген видеоны сұрады. (...)  "Кешір, педофил (pedo guy), сен өзің осыған сұрандың" деп жазды Илон Маск.

Бірақ, басылымның мәліметінше, кейінірек ол твит өшірілді.

Еске сала кетейік, 12 футболшы бала мен олардың жаттықтырушысы 23 маусымда Тхам Луанг үңгіріне кірген болатын.  Бірақ аяқ астынан жауын жауып, үңгірді су басып, олар сонда қамалып қалған болатын. Ал жексенбі күні төрт жасөспірімнің құтқарылғаны хабарланған еді.

Жасөспірімдері құтқару операциясы бірнеше күнге созылғанымен сәтті аяқталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети