15 қараша 2014 12:11

Индонезияға қатты жер сілкінісінен кейін цунами қаупі төнді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған

"Индонезияның солтүстігіенде қуаты Рихтер бағамы бойынша 7,3 балл болған екі жер дүмпуінен кейін цунами қаупі ескертілді" деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Индонезияның солтүстігіенде қуаты Рихтер бағамы бойынша 7,3 балл болған екі жер дүмпуінен кейін цунами қаупі ескертілді" деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.


Жергілікті цунами қаупі жайлы РИА Новости ақпарат құралына Ұлттық метеорология, климатология және геофизика басқармасынан хабарлаған.

Индонезиялық сейсмологтардың мәліметіне қарағанда, орын алған екі жер асты дүмпуінің орталығы Солтүстік Молуккиде орналасқан Хальмахер аралынан солтүстік-батысында 132 және 137 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер дүмпулері Молукк теңізінің деңгейінен он және 48 шақырым тереңдікте болған.

Екінші дүмпуден екі сағат кейін жақын маңда Рихтер бағамы бойынша қуаты 6,3 балл тағы бір жер сілкінісі орын алған. Оның орталығы Оңтүстік Болаан-Монгондоның оңтүстік-шығысында орналасқан. Бұл жер дүмпуінің эпицентрі 59 шақырым тереңдікте болған.


Индонезия жер шарындағы сейсмикалық белсенді аумақта орналасқан және Тынық мұхитының отты шеңберінің бір бөлігі болып табылады. Бұл аймақта жылына 7 см жылдамдықпен қозғалатын жер шарының ең белсенді тектоникалық тақталар орналасқан. 2004 жылы индонезиялық Суматра аралының солтүстік жағалауында әлемде соңғы 40 жылда орын алған ең қуатты жер сілкінісі болды. Сол жер сілкінісі салдарынан туындаған цунами Үнді мұхитының 12 елінде жүз мыңдаған адамның өмірін жалмаған еді.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети