23 наурыз 2016 14:15

Интерпол экс-президент Асқар Ақаевтың іздеуде жүрген күйеу баласын Дубайда ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділ Тойғанбаев. © Ярослав Радловский Әділ Тойғанбаев. © Ярослав Радловский

Интерпол экс-президент Асқар Ақаевтың іздеуде жүрген күйеу баласын Дубайда ұстады, бұл туралы Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында хабарланды. 


Интерпол экс-президент Асқар Ақаевтың іздеуде жүрген күйеу баласын Дубайда ұстады, бұл туралы Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында хабарланды. 

Интерпол Ұлттық Орталық Бюросының мәліметінше, Қырғыз Республикасында Дубай (БАЭ) қаласының территориясында халықаралық іздеуде жүрген Әділ Тойғанбаев ұсталған. 

"Таяуда, Қылмыстық Полиция Халықаралық Ұйымының (ҚПХҰ) желісі бойынша жедел-іздестіру шараларының аясындағы халықаралық іздестіруді жүргізу барысында Интерпол БАЭ құқық қорғау органдарымен тығыз әрекеттестікте 12.10.1966 жылы туған Тойғанбаев Әділ Еркенұлы ұсталды", - деп хабарлады Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері.

Оны Қырғызстанның құқық қорғау органдары бірқатар қылмыс бойынша айыпталғандықтан іздестірген және ол Интерполдың "қызыл циркулярына" енген.

Осыған дейін БАҚ-тарда Әділ Тойғанбаевтың Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың үлкен қызы Бермет Ақаеваның күйеуі екендігі хабарланған еді. 2005 жылдың тамызында елдің бас прокуратурасы оны қамауға ордер берген еді. Тойғанбаев алаяқтық жасады, ірі сомада қаражат жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген айып тағылды. Ол елден қашып, соңынан іздеу жарияланған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети