15 шілде 2015 18:06

Иракта 50 градус ыстыққа байланысты демалыс жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ирак үкіметі аптап ыстыққа байланысты 16 шілдені демалыс күні етіп жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости. Басылымның мәліметінше, елде ауа температурасы күрт жоғарылап, бірқатар аумақта термометр бағаны 50 градусты көрсеткен.


Ирак үкіметі аптап ыстыққа байланысты 16 шілдені демалыс күні етіп жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости. Басылымның мәліметінше, елде ауа температурасы күрт жоғарылап, бірқатар аумақта термометр бағаны 50 градусты көрсеткен.

Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары Хасан аль-Джанаби 16 шілдеде құқық қорғау органдары мен банк қызметкерлерінен басқаларының демалатынын айтты. Елу градустық ыстық Иракта соңғы екі күнде тіркелді, ол 18-19 шілдеге дейін жалғасады.

Аптап ыстық Жапонияда да сезіліп жатыр. Бір күнде елде жеті адам қаза тауып, 726 адам ауруханаға жеткізілді. Ауруханаға түскендердің көбі жасы 70-тен асқан қариялар. Олардың сегізі ес-түссіз жатыр.

Ыстық ауа райына байланысты ескерту Жапонияда төртінші күн қатарынан жарияланды. Кей аймақтарда ауа температурасы 37 градустан жоғары. Фукусима, Кобэ, Саг қалаларында күн 35-36 градус ыстық,  Токио, Осака және Киотода ауа температурасы 33-34 градус шамасында.

Метеорологтар жоғары температураға байланысты адамдарға желдеткіш қолдануға, көшеде ұзақ жүрмеуге, сонымен қатар үнемі су ішіп жүруге кеңес берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети