10 қаңтар 2020 14:43

Иран АҚШ-қа украиналық ұшақтың апатқа ұшырауын бірлесіп тергеуді ұсынды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter.com/Iranian_RCS © twitter.com/Iranian_RCS

Иран "Международные авиалиний Украины" ұшағының апатқа ұшырау себебін АҚШ, Украина және Канадамен бірлесе тергеуді ұсынды, - деп хабарлайды CNN


Иран "Международные авиалиний Украины" ұшағының апатқа ұшырау себебін АҚШ, Украина және Канадамен бірлесе тергеуді ұсынды, - деп хабарлайды CNN

Хабарландыруға сәйкес, Иран авиациялық билік өкілдері АҚШ-тың Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңестің (NTSB) мамандарын украиналық ұшақты тексеруге шақырды. Телеарна мәліметінше, америкалықтарға тергеуге қатысуға рұқсат беру - маңызды, бұл Boeing компаниясына тергеуге араласуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Иран тергеуге қатысуға Канаданың Көліктегі қауіпсіздік кеңесін (TSB) шақырды. Канада ведомствосының баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, кеңес Иранның шақыруын қабылдап, апат орнына баруға дайындалып жатыр.

Сондай-ақ, Иран СІМ өкілі Twitter-де Украина мен Boeing компаниясын тексеру жұмыстарына шақырғанын хабарлады.

Айта кетейік, таяуда Иранда қайғылы оқиға болды: Тегеран әуежайына жақын маңда украиналық ұшақ құлады. Төтенше жағдай салдарынан 167 жолаушы мен экипаждың тоғыз мүшесі қаза тапты.

Бүгін Иран билігі әуеапатына байланысты тергеудің алғашқы нәтижелерін жариялады. Олардың мәлімеінше, украиналық ұшақ әуеде өртенген. Ұшақтың әуежайға кері қайтқан, алайда экипаж мүшелері диспетчерлерге ештеңе айтпаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети