19 қаңтар 2017 16:30

Иранда 17 қабатты ғимараттың құлаған сәті түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интернетте Тегерандағы 17 қабатты ғимараттың құлаған сәті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды РИА Новости. БАҚ мәліметінше, шамамен 30 адам үйінді астында қалған.


Интернетте Тегерандағы 17 қабатты ғимараттың құлаған сәті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды РИА Новости. БАҚ мәліметінше, шамамен 30 адам үйінді астында қалған.

Сондай-ақ, үйінді астында қалғандардың қатарында 30 өртсөндіруші, екі тілші мен сауда орындарының бірнеше иесі бар екені айтылады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, төтенше жағдайдан 38 адам шекті. Өрт жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 08.00-де басталған. Оқиға орнына 200-ге жуық өртсөндіруші барып, 3,5 сағат бойы өртті сөндірген. 

Айта кетейік, 17 қабатты "Пласко" ғимараты Тегерандағы ең ескі ғимарат болып саналады. Ол 1962 жылы салынған екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети