Иранда пойыз апатынан 40-тан аса адам қаза тапты

27 Қараша 2016, 17:04
0
Иранда пойыз апатынан 40-тан аса адам қаза тапты - © Росбалт
© Росбалт

Иранның Семнан провинциясында екі пойыз соқтығысып, 44 адам қаза тапты. Сонымен қатар, жүзге жуық жолаушы түрлі жарақат алды. Бұл туралы Егемен Қазақстан сайты ТАСС ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

"Құтқару жұмыстары аяқталды. Отқа оранған вагондардан барлық мәйіт шығарылды. Опат болғандардан бөлек, 82 адам жараланды. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін тергеу ісі жүріп жатыр", - деді Иранның денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Пир Хосейн Коливанд.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұған техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай