03 ақпан 2015 14:51

"Ислам мемлекеті" Өзбекстанда лаңкестік әрекеттер ұйымдастырмақ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ислам мемлекетінің" жендеттері. ©thetoc.gr "Ислам мемлекетінің" жендеттері. ©thetoc.gr

"Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы 2015 жылы көктемде Өзбекстанда террорлық актілер ұйымдастыруды жоспарлаған, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы елдің Ұлттық қауіпсіздік қызметінің (ҰҚҚ) аналитигі Әлішер Хамдамов мәлімдеді.


"Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы 2015 жылы көктемде Өзбекстанда террорлық актілер ұйымдастыруды жоспарлаған, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы елдің Ұлттық қауіпсіздік қызметінің (ҰҚҚ) аналитигі Әлішер Хамдамов мәлімдеді.

Сарапшының мәліметінше, осы ақпаратқа байланысты шекара күзеті күшейтілді. Хамдамовтың айтуынша, ҰҚҚ-ның ұйымдастырылмақ болған теракт туралы мәліметтері бірнеше елде, соның ішінде Ресей мен АҚШ-та тыйым салынған "Өзбекстанның ислам қозғалысы" мен "Ислам мемлекеті" ұйымының 2014 жылдың аяғында Өзбекстанда ұсталған мүшелері берген түсініктемелеріне негізделді.

"Өзбекстанның ұсталған азаматтары Пәкістанда 2013 жылы әскери дайындықтан өтіп, 2014 жылы Өзбекстанға қайтып келген, олар жастарды "Ислам мемлекетінің" құрамына кіруге үгіттеген", - деп нақтылады ҰҚҚ офицері. Арнайы қызмет мәліметтері бойынша, Өзбекстандағы лаңкестік 29 наурызға белгіленген президент сайлауы қарсаңында болады деп жоспарланған. Айта кетейік, сарапшылар қаңтар айында "Ислам мемлекетінің" басшылары Ферғана даласындағы жағдайды Орталық Азия жендеттерінің көмегімен тұрақсыздандыру үшін 70 миллион доллар бөлуге шешім қабылдағаны туралы айтқан болатын. 

Еске сала кетейік, кейбір деректер бойынша "әл-Каидамен" байланысы бар "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы 2014 жылы Ирак пен Сирияда жанданды. Ол Ирактың солтүстігі мен солтүстік-батысына төпелей шабуылдап, көлемді аймақты басып алды, олар сол аймақтарда "ислам халифатын" құрды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети