Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

"Ислам мемлекеті" содырлары Иранның ядролық технологияларын басып алуды жоспарлаған

05 Қазан 2014, 18:31
0

"Ислам мемлекеті" содырлары ядролық технологияларды басып алу үшін Иранға шабуыл жасауды жоспарлаған, - деп хабарлайды РИА Новости Sunday Times басылымына сілтеме жасап. Журналистердің қолына жоба бойынша басып алу туралы жоспар жазылған лаңкестік ұйым басшысының құжаты түскен.

Жоспарды "Ислам мемлекеті" жасырын әскери лаңкестік тобының алты басшыларының бірі Абулла Ахмед әл-Месхедани (Abdullah Ahmed al-Meshedani) құруы мүмкін. Тексті 2014-жылдың наурыз айындағы тексеріс барысында ирандық арнайы қызмет өкілдері лаңкестік топ басшысының үйінен тапқан. Әскерілердің командирлеріне арналған құжатта Ирандағы ядролық технологияны басып алу туралы айтылған. Бүгінгі таңда батыстық арнайы қызмет өкілдері лаңкестік топтың 70-ке жуық әскері жоспарларын тексеріп жатыр. 

Бұған дейін бірнеше рет "Ислам мемлекеті" содырларына байланысты саяси жанжал шыққан еді. Гарвард университетіндегі сөйлеген сөзі барысында АҚШ-тың вице-президенті Джо Байден Түркия, Сауд Арабиясы және БАӘ лаңкестерді қолдап, оларға қаржы бөлетінін айтқан еді. Бұл сөзге Түркия мен БАӘ басшылары наразылық білдірді. Кейіннен Байден телефонмен әңгіме барысында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғаннан кешірім сұрады. Ал Араб Әмірлігі басшыларын вице-президенттің сөзі таңқалдырған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай